20.06.2025, 15:00
Оқылды: 158

Қазақстанда «Жұлдызды жол 2025» жобасының жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 23 маусымында музыкалық «Жұлдызды жол 2025» жаңа жобасының түсірілімі басталады. Бұл жоба жас таланттардың сахнада өнер көрсетіп, елге танылуына мүмкіндік береді.

_gluster_2025_6_20_781437286c60b9a0e69d1de6c82c96b9_1280x720

Сурет: gov.kz

Үш апта ішінде ұйымдастырушылар елдің түкпір-түкпірінен 354 өтінім қабылдады. Қатысушылар ішінде мектеп оқушылары, студенттер, дарынды жас музыканттар бар. Жобаға вокал санаты бойынша 204 өтінім келіп түскен. Классикалық аспаптар бойынша – 81, ал халық аспаптары бағытында – 69 өтінім тіркелді.

Іріктеу бірнеше кезең бойынша өтті. Мамыр айында қатысушылар онлайн тыңдауға қатысып, олардың өнерін саланың кәсіби мамандары бағалады. Сыннан сәтті өткен қатысушалар арнайы лагерге жіберілді.
Өнерпаздар қазір Алматы қаласына келіп, дайындықты бастап кетті.

Жаңа маусымның телевизиялық тұсаукесері 2025 жылдың қазан айына, күзгі телемаусымға жоспарланған. Көрермен қатысушының жасаған алғашқы қадамынан сахнаға дейінгі жолына куә болады.
Жас әртістермен Қанат Омаров, Абылай Тілепберген және Нұргүл Нұғманова секілді танымал мамандар жұмыс істейді. Олар үздіктерді таңдауға көмектесіп, тәлімгерлік етеді.

«Жұлдызды жол 2025» — жай ғана телевизиялық байқау емес. Бұл — ұрпақтарды сабақтастыратын, өңірлерді біріктіретін мәдени қозғалыс. Бұл сахнада жаңа есімдер танылып, заманауи әуен мен қазақ музыкасының жаңа буыны қалыптаспақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале