5.12.2016, 11:57
Оқылды: 63

Отбасы - Отанның ошағы

familyОтбасы күніне орай аудандық мәдениет үйінде  «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын насихаттап, ауданымызға еңбек сіңіріп жүрген жас отбасыларды таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.


Шараға әйелдер қоғамының төрайымы Дариға Кеңесбайқызы, «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Бақытгүл Әлиқызы, наиб имам Қанат Қуанышбайұлы, қариялар мен ақ жаулықты әжелер қатысты. Дөңгелек үстел барысында сөз алған Бақытгүл Әлиқызы қазіргі таңда жас отбасыларға көңілі толатынын, сондай-ақ ауданымызда үлгілі отбасылар барына қуанатынын жеткізді. Жыл сайын оздырылатын республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан отбасылар - Кемешовтар, Масалимовтарды аудан әкімі А.Халеловтың алғыс хатымен марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етті.

Аида Есенаманқызы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале