5.12.2016, 13:28
Оқылды: 62

Жаңақалада үлгілі отбасылар дәріптелді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 жұлдызды күн»  акциясы аясында Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Отбасылық құндылықтар – қоғамның басты рухани байлығы» атты шара өтті.

Тәлімі мен тәрбиесі мол тағылымды кешке мерейлі отбасы Жадановтар, өнегелі отбасы Мақановтар, оқырман отбасы – Самиғоллиндер,  ынтымақты отбасы - Бексариевтер, өнерлі отбасы – Губайдуллиндер және көпбалалы Құспанғалиевтер жанұясы қатысты.

Мәжит Жаданов атамыз отбасы құндылықтыры, отбасындағы сыйластық туралы өнегелі әңгіме өрбітті. Ал "Үлкен отбасының түтінін түзу тұтату қиын емес пе?" деген сұраққа аталмыш отбасының келіні Зарина Жаданова келінге байланысты көптеген әдеби кітаптар, салт-дәстүрлер, өлеңдер оқып, қыз күнінен келін болуға дайындалғанын тілге тиек етті. Одан әрі жас отбасы Дәурен мен Майра Тасқалиевтердің Айша есімді бөбектеріне салтанатты түрде туу туралы куәлік табыс етілді. Сондай-ақ шараға келген қонақтар отбасы туралы құнды, әрі тағылымды пікірлерін ортаға салып, жастар мен жас отбасыларына өнеге-үлгі боларлық ақыл-кеңестерімен бөлісті. Әсерлі өткен кешті кітапхана қызметкерлері әсем әнмен әрлесе, келген қонақтар жыр-шумақтан шашу шашып, күмбірлете күй төгіп кештің ажарын аша түсті.

Н.Ғаббасов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале