22.06.2025, 16:30
Оқылды: 374

Оралдық желаяқ Белоруссияда өткен жарыста екі жүлде жеңіп алды

Белоруссияның Республикалық жеңіл атлетикадан олимпиадалық дайындық орталығы базасында ардагерлер арасындағы жеңіл атлетикадан халықаралық Белоруссия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Белорусь, Ресей және қазақ елінің «Masters»санатындағы спортшылар қатысты.

photo-output
Жарыстың бірінші күні ардагер спортшылар 100 м, 400 м, 1500 м, 10000 м қашықтыққа жүгіру, 5000 м спорттық жүріс, 4х400 м аралас эстафета, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, ядро серпу және диск лақтыру сайыстарында кім мықтыны анықтады. Ардагерлер турниріне қатысқан спортшылардың ең жасы 35-те болса, егдесінің жасы 80-нен асады.
Аталмыш джода ел намысын қорғаған оралдық Руслан Әбішев бірінші күні 400 метр қашықтыққа жүгіруілер сайысына қатысты. Өзімен жасты мықтылармен күш сынасқан Жайық желаяғы бұл бәсекеде қола жүлде еншіледі. Ал жарыстың екінші күні 800 метрге жүгіру сайысына шыққан Руслан екінші орынды қанағат тұтты.
– Жарыста барымды салдым. Қатысушылар мықты екен. Барлығы сен тұр мен атайын деген спортшылар. 400 метрде жеке рекордымды жаңарттым. Ал 800 метрге созылған жарыста алтынға сынық сүйем жетпей қалдым. Мен үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды. Алдағы додаларды нәтижемді жақсарта түсемін,–дейді Руслан Әбішев.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале