Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан құрылған «Bala Vaib» жазғы лагерінің тәрбиешілері мен қатысушыларына арналған №16 өрт сөндіру бекетіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Таныстырылым барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы сақтық шаралары, жер сілкінісі кезіндегі әрекет ету тәртібі және терезеден құлау жағдайларының алдын-алу туралы жан-жақты ақпарат берілді. Түсіндіру жұмыстары барысында арнайы жадынамалар таратылып, оқушылардың қауіпіздік ережелері туралы түсінігін арттыруға бағытталды. Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.у.а, азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Аманғалиұлы мен бөлімнің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрлыбек Қанатқалиұлы оқыс оқиғалардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету, сақтық шараларын сақтау жөнінде құлаққағыс етіп, төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді үйретті. Сондай-ақ, оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысымен танысып, олардың құрал-жабдықтар мен арнайы техникаларды қалай қолданатынын көріп, таңданыстарын жасырады. Балаларға өрт сөндірушілердің арнайы киімі ерекше әсер қалдырды. Кейбірі «өскенде өрт сөндіруші боламын» десе, енді бірі қорқыныштарын жеткізді. Әрі қарай, оқушылар қойылған сұрақтарына нақты жауап алып, естелік суреттерге түсті. Иә, осындай танымдық саяхаттар балаларды қауіпсіздікке баулып қана қоймай, қоғамға пайдасы зор мамандықтарға деген құрметін арттырады.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы