24.06.2025, 9:30
Оқылды: 309

Бөкей ордасы: Төл мерекеде марапатталды

Бөкей орда аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер, полиция және сот саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

IMG-20250623-WA0113

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов салтанатты жиында сөз сөйлеп,  айтулы мерекемен құттықтады. Өнімді қызметімен көзге түскен бірқатар маманға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың алғысхаттарын табыс етті. Айта кетелік, мереке күні марапат алған сала мамандарының ата-аналары да марапатталды.

IMG-20250623-WA0106 IMG-20250623-WA0112 IMG-20250623-WA0105 IMG-20250623-WA0115 IMG-20250623-WA0111

Полиция қызметкерлері де марапатқа ие болды. Солардың бірқатарына аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары С.Қамешов полиция департаменті және бөлім бастығының алғысхаттарымен марапаттаса, аталмыш саланың ардагерлеріне мерекелік медальдерді “Ішкі істер органдары саласы ардагерлері” қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы К.Ғайсин табыс етті. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20250623-WA0109 IMG-20250623-WA0114 IMG-20250623-WA0116

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале