24.06.2025, 10:45
Оқылды: 523

Қос мереке - елге қызмет етудің мәртебесі

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан полициясы күніне орай С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында салтанатты шара өтті. Екі саланың өкілдері де ел тыныштығы мен дамуы жолында өлшеусіз үлес қосып, аянбай етіп келеді. 

image-24-06-25-02-46-3 (1)

Мемлекеттік қызметшілер – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Олар мемлекеттің саясатын жүзеге асырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей атсалысады. Әрбір шешім мен құжаттың артында осы сала мамандарының қажырлы еңбегі жатыр.

Ал Қазақстан полициясы – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Полиция қызметкерлері күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күресте алдыңғы шепте жүреді.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов ел мүддесі үшін аянбай етіп жүрген, халыққа адал қызмет етуді өмір ұстанымы еткен жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

image-24-06-25-02-46-2 (2)

Мереке аясында үздік деп танылған мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде алдыңғы шепте жүрген полиция қызметкерлері марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатымен Берік Рахымғалиев, “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ БҚОФ қоғамдық бірлестігінің төрағасының Құрмет грамотасымен аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Аслан Асқар, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержалғас Ищанов, Талдыапан ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бибигүл Үмбеткалиева, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғысхатымен Талдықұдық ауылдық округі әкімі Эльдар Аманғалиев, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының алғысхатымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асылзада Нұраева, Казталов ауданы әкімінің алғысхатымен аудан әкімі аппарты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Қуанышбек Мұқатаев, Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Айбарша Мұсағалиева, Бірік ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гүлжанар Төлепова, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптіп кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Арон Мырзағалиев марапатталса, аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа LADA GRANTA автокөлігінің кілті, Казталов және Талдықұдық ауылдық округтеріне Нива автокөлігінің кілті табысталды.

image-24-06-25-02-46 (1)

Казталов ауданы әкімінің алғысхатымен Казталов ауданының полиция бөлімі анықтау бөлімі анықтау бөлімінің анықтаушымы полиция капитаны Нұрлыбек Талпаков, Казталов ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенаты Иманғазы Самигуллин, Жалпақтал полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының полиция аға лейтенант Жарасхан Мақсотов, Жалпақтал полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшіліппрактика инспекторы полиция аға лейтенаты Мейірбек Ізбасаров, Казталов ауданының полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының полицейі полиция аға сержанты Алтынбек Тлепбергенов, Казталов ауданының полиция бөлімінің кеңсе техник полиция сержанты Әлижан Сарсенов марапатталды.

Казталов аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Азамат Маратов Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінңң алғысхатын және Казталов аудандық полиция бөліміне кейіннен жұмысқа орналасу құқығы туралы сертификатты Казталов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенаты Оразғали Оразымбетов, Ішкі істер органдарының ардагерлері Базарбай Алтаев, Қуат Байдуллин, Казталов аудандық полиция бөліміне кейіннен жұмысқа орналасу құқығы туралы сертификатты Әділет Гиззатуллин, Әли Алмасов, Ербол Ғабділнасыровқа табысталды.

Салтанатты рәсімнен кейін сахна шымылдығы ашылып, мерекелік концерт басталды. Жергілікті өнерпаздар мен мәдениет үйінің ұжымдары әсем әндер шырқап, би қойылымдарын тарту етіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл концерт – ел үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға деген алғыс пен құрметтің белгісі ретінде ұйымдастырылып, мерекелік атмосфера мен рухани серпіліс сыйлады.

image-24-06-25-02-46-1 (1)

Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале