Бәйтерек ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған «Адал қызмет – абыройлы міндет» атты салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ғалиев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғам қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.

-Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қалыптастыруда, халық сеніміне лайықты болуда полиция қызметінің маңызы зор. Адалдық пен жауапкершілікті ту еткен әрбір тәртіп сақшысы абырой биігінен көріне берсін! Дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін,-деген Ерлан Ерсайынұлы қызметте үздік болған тәртіп сақшыларын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың ішінде аудандық полиция бөлімі әкімшілік полицияның аға мемлекеттік автоинспекторы Аслан Сапарғалиев, кезекші бөлімшенің көмекшісі Камил Ибрагимов, тылмен қамтамасыз ету тобының жүргізушісі Жұмабек Қыдырғали, Мичурин полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Дастан Төлеуов, Приурал бөлімшесінің инспектор көмекшісі Миржан Сұлтанов, Мичурин бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Ердәулет Саясатов бар.

Өз кезегінде сөз алған аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы Сәкен Әбілхалықов редакция мен полиция бөлімі арасында тығыз байланыс орнағанын айтып, естелік сыйлық пен газетке хабарландыруларды тегін жариялауға мүмкіндік беретін сертификат табыстады.

Аудан басшылығына, газет редакциясына құттықтаулары үшін ризашылығын жеткізген аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Қайрат Маратов бірқатар әріптестеріне жаңа шен мен марапаттар табысталды. Мәселен, полиция аға лейтенанты шенін көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Жаслан Жукасаев пен тергеу бөлімінің тергеушісі Нұрдәулет Ақнәжімов алды. «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Беркін Ғабдушев өңіріне тақты. БҚО полиция департаменті бастығының Құрмет грамотасымен ЖПҚб УПИ көмекшісі Үмбетқали Қажығалиев, Алғыс хатпен кезекші бөлімнің аға инспекторына Рафаэль Ишакаев марапатталды. Жергілікті полиция құрылымдарына жұмысқа орналасу құқығын беретін сертификатқа Жанна Өтебаева мен Едіге Жанғали қолжеткізді.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының отаншылдық рухтағы әнімен аяқталды.
Салтанат Серікбайқызы,
Бәйтерек ауданы
