Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі - азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Сурет: istockphoto.com
Қызмет алушылардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Департаментпен қызмет берушілердің ақпараттық жүйелеріне тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіледі. Оның нәтижесінде 2025 жылдың 2-тоқсаны қорытындысы бойынша, Департамент тарапынан 43 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, ауылдық округі әкімі аппараты қызмет алушыға жер комиссиясын өткізуге кворум санының толмауына байланысты бас тартса, басқа жағдайдаларда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлім тарапынан ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісі жер қатынастары бөліміне келіп түсегендіктен өтініштер қанағаттандырылмаған.
Департаменттің ұсынымы негізінде аталған мәселелер Жер комиссиясымен қайтадан қаралып, 43 қызмет алушыларға тиісті қызмет жауаптар берілді. Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті