Атаулы шара қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Осы күні сала мамандары арыз-шағымы, өтініші бар тұрғындарды қабылдады.

Бұдан бөлек полиция сапында жұмыс істегісі келетін жастарды қабылдап, ІІО қызмет етудің артықшылықтары туралы да түсіндірілді.

Осы атаулы шара аясында полиция өкілдері, арнайы жасақ қызметкерлері мектеп оқушыларына полиция қызметінің жұмыс бағытын, қару-жарақ, қызметтік көлік түрлерін де көрсетті.
zhaikpress.kz
