24.06.2025, 22:00
Оқылды: 272

Тоқтап қалған әлеуметтік нысандардың құрылысы қайта жанданады

Өңірімізде жылдар бойы түрлі себептермен тоқтап қалған әлеуметтік нысандардың құрылысын қайта жандандыру – басты басымдықтарымыздың бірі болды.

photo-output
Осы орайда, 2020–2022 жылдары басталып, қаржыландырудың тоқтауы, мердігерлердің жауапсыздығы және материал тапшылығы салдарынан аяқталмай қалған 55 нысанның құрылысы қайта қолға алынған болатын.

Бұл – мектептер, тұрғын үйлер, спорт кешендері және су құбырлары сияқты маңызды әлеуметтік инфрақұрылымдар.

Нәтижесінде жүргізілген жүйелі және табанды жұмыстардың арқасында 55 нысанның құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне берілді.
Бүгінде іске қосылған нысандар тұрғындарға пайдасын тигізуде.

Мәселен, құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған Тасқала және Казталов аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бір жылдан кейін қолданысқа берілуі тиіс еді. Дегенмен, түрлі себептермен тоқтап қалған құрылыс нысандары тек 2024 жылы ғана сәтті аяқталып, қолданысқа берілген болатын.

Батыс Қазақстан обылысының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале