25.06.2025, 10:30
Оқылды: 173

БҚО-да 13 жастағы қыздың асқазанынан 642 грамм шаш шықты

Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 13 жастағы қызға күрделі ота жасалды, - деп жазады kaz.inform.kz.

шаш

Сурет: kaz.inform.kz.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, анасының сөзіне қарағанда, қызы 11 маусымнан бастап асқазанындағы ауырсынуға шағымданған.

Педиатрға қаралған кезде жоғары эндоскопиялық зерттеу жүргізіліп, соның нәтижесінде асқазанда бөгде зат бар екені анықталған. Осыған байланысты қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жіберілген.

- Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы тұрақты. Ем-шара толығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында атқарылды, - деді ота жасаған хирург Әліби Төлегенов.

Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балалардың психологиялық денсаулығына ерекше назар аудару қажеттігін еске салады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале