Айтуынша, 20% – азаматтар үшін де, жүйе үшін де тым жоғары.
Сондай-ақ ипотекалық несиелер бойынша 20%-дық мөлшерлеменің өзі халық үшін жоғары болып отыр.
- Ипотека – ұзақмерзімді несие, оның сомасы да ауқымды. Мұндай несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме қарыз алушылар үшін де, жалпы қаржылық тұрақтылық үшін де үлкен тәуекелге айналады. Банктер тарапынан да бұл кешіктірілген төлемдер көлемінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан біз жоғары мөлшерлеме арқылы ипотекалық несие алуға ынтаны азайтуға бағытталған шаралар қабылдап жатырмыз, - деді ол.
Сонымен қатар агенттік қазіргі уақытта Ұлттық банкпен бірлесіп, ипотека бойынша бастапқы жарнаны арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл өзгеріс жүзеге асса, азаматтардың қарыздық жүктемесі де төмендей түседі. Яғни қайтарылатын негізгі қарыз азаяды деген сөз.
Алдағы уақытта агенттік ипотекалық нарықты тұрақтандыру мақсатында:
Мөлшерлемені шектеу,
Жаңа талаптар енгізу,
Ипотекаға қатысты реттеуді қатайту шараларын жалғастырады.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың 15 маусымынан бастап ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға дейін төмендетуді жоспарлаған болатын. Алайда кейін бұл шешім кейінге шегеріліп, жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетіні белгілі болды.
