Облыстық «Ақжайық» телеарнасында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі мәселелеріне арналған арнайы хабар өтті.
Алғаш рет облыстың барлық құқық қорғау органдарының басшылары бір алаңға жиналды: Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Шалабаев, Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев, Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Абенов және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабуров.
Басты назарда – мемлекет басшысымен айқындалған «Заң және Тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру.
Спикерлермен:
– құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу бойынша нақты шаралар;
– сыбайлас жемқорлықты жою қадамдары;
– қылмысқа қарсы және алдын алу бағдарламаларын іске асыру;
– құқықтық сананы арттыру және азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту мәселелері талқыланды.
Халықпен диалогтың ашықтығына ерекше назар аударылды: эфирге қатысушылар атап өткендей, тұрақты құқықтық тәртіптің негізіне азаматтардың сенімі мен олардың белсенді қатысуы айналады.