26.06.2025, 9:15
Оқылды: 268

Казталов ауданында батагөйлер байқауы өтті

Казталов аудандық С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ардагер ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес “Ақ бата - асыл қасиет” атты аудандық батагөйлер байқауы өтті. 

бвррвв

Сан ғасырлар өтсе де, қазақ халқының өзгеріссіз, салты болып қалыптасқан дәстүрінің бірі - бата беру. Бүгінде халқымыздың тағылымды дәстүрі қайта жаңғырып, жаңару үстінде. Осындай құнды мұраны сақтап, жас ұрпаққа дәріптеу өте маңызды.

бата

Тағылымы мол шараның негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жастарға бата беру дәстүрін насихаттап, сөз қадірін түсіндіру.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов құттықтау сөз сөйлеп, батагөй қарияларға сәттілік тіледі.

Байқауға Жәдігер Үмбетов (Бостандық ауылы), Болат Бекешов (Қараөзен ауылы), Төлеген Айманов (Қайыңды ауылы), Алпысбай Зайлагиев (Қараоба ауылы), Мұханбет Қарабалин (Талдықұдық ауылы), Бауыржан Ханатұлы (Талдыапан ауылы), Мұқанғали Бектілеуов (Казталов ауылы), Ахметжан Малаев (Бірік ауылы), Жасталап Хазиуллин (Жалпақтал ауылы), Талғат Сапарлв (Қарасу ауылы), Балтабек Құспанғалиев (Ақпәтер ауылы), Жексенғали Қойшыбаев (Тереңкөл ауылы) қатысып, тәлім-тәрбиесі мол, ізгі ниетке толы баталарын жолдады. Әрбір қатысушының батасының мазмұндылығы, тіл көркемдігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігі жағынан бағаланды.

Байқауда ардагерлер үш кезеңде белгіленген тақырыптар бойынша бата беріп, сынға түсті.

- Таныстыру (әнге сөз жазу, кез келген әннің текстін өңдеу арқылы немесе қара өлең түрінде мәнерлеп оқу арқылы таныстыру)

- Ел мен жерге, ел мерейін көтерер ерлерге, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қазыналы қатысушылардың дайындап әкелген баталарын беру кезеңі

- Жеребе (Алғыс батасы, Сапар батасы, Шаңыраққа берілетін бата, Жарапазан батасы, Жастарға бата)

Қазылар алқасы қатысушылардың шешендігі мен батаның мазмұнына мән беріп, үздіктерді анықтады.

бвив

Ақ тілекке арқау болған байқау нәтижесі бойынша І орынды Болат Бекешов (Қараөзен ауылы), ІІ орынды Жәдігер Үмбетов (Бостандық ауылы), ІІІ орынды Төлеген Айманов (Қайыңды ауылы) иеленді.

Абай Мақсотовтың орындауындағы “Ауылым” әні, Дөнеділ Хазиуллиннің орындауындағы “Ауылым” әні, Толқын Моншатаеваның орындауындағы “Алғыс” әні көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жеңімпаздар мен белсене қатысқан қатысушыларға  арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен, ес елік сыйлықтар табысталды.

image-25-06-25-08-50-2

Бұл байқау – қазыналы қарияларымыздың рухани мұрасын жаңғыртып, бата арқылы елдің бірлігін, ізгі тілектердің қуатын дәріптейтін тағылымы мол шара болды.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале