Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Пятин Александр Ильичтің құрметіне арналған, бокстан жыл сайынғы дәстүрлі турнирі өтті.

Облыстық деңгейдегі турнирге 2007-2008, 2009-2010, 2011-2011 жылғы жасөспірім ұлдар 10 салмақ дәрежесінде бақтарын сынады.

Жарысқа Ақтөбе қаласының, Бәйтерек ауданының, Ақсай қаласының, Орал қаласының, Шыңғырлау ауданының командалары қатысты. Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Александр Ильич Пятинге арналған бокстан дәстүрлі қалааралық төрт күндік доданы мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Нұрланұлы Сейтімов қортындылады.
Нұрғали Сабыров,
Шыңғырлау ауданы
