27.06.2025, 12:15
Оқылды: 129

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіруде. Мәселен, 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жазды. 

_gluster_2025_6_26_0ad34ba00acb548c96931d8268cb0f8a_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді:

  • шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту. Бұл міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуын болдырмайды;
  • тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту. Бұл шара өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді;
  • аванстық төлем мөлшерін 30 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту бөлігінде қолдауға бағытталған.

Жалпы, аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале