27.06.2025, 17:00
Оқылды: 701

Кәсіби мерекеде мерейі тасыды

Орал қаласындағы «Parl Hotel» қонақ үйінде 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік Әнұран орындалған соң облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы» деген болатын. Журналистер қауымы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қалың түскен қарға да, толассыз жауған жаңбырға да мән бермей аудандарды, елді мекендерді аралап, жұртшылыққа сапалы мақала-материалдар ұсынып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өңірде атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асқан жобалар жайлы мағлұматты көпшілікке жеткізуде. Қадірлі қалам ұстаған ағайын, сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, – деген Қайыржан Ермекұлы Орал қалалық «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Шүйіншәлиеваға, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Дархан Оразовқа және Ақжайық аудандық «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Әлия Шарапиеваға «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

e91dffa4-a7ea-45ea-9725-1823022bdb58

Сонымен қатар «AQJAIYQ» телеарнасының бас редакторы Айгүл Логашкина мен «AQJAIYQ» телеарнасының редакторы Алмагүл Жампейісованы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

4391056f-e7b0-4204-8308-e12627723d31

Оған қоса «ТДК-42» телеарнасының шеф-редакторы Айнұр Құрмашева мен «Орал өңірі» газетінің фототілшісі Мәди Ғұбайдуллинге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатын ұсынды.

6261d817-dbe1-4cfd-b46e-142863c4ca78

 

Сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қызметкеріне облыс әкімінің алғыс хаты мен 200 мың теңге көлемінде қаржылай сертификат табыс етті.

8906af4e-746d-4103-83fd-9a7fe4f680b4
Бұдан соң Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев бірқатар БАҚ өкілін облыс прокурорының алғыс хатымен марапаттады.

bc35c1bf-a5fd-4315-893b-ec72606da351

Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағаның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Клара Қамбетова облыстық «Орал өңірі» газетінде 40 жылдай қызмет атқарған ардагер журналист Сырымбек Тұяқовты «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты, «Жайық таза қала» ЖШС құрылтайшысы Тұрарбек Тілемісовтің өңіріне Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалін тақты.

6ef2bbb9-e7ec-4d81-a730-f88a861e0d5a

Оған қоса бірқатар БАҚ өкіліне Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасын табыстады. Салтанатты жиын концертке ұласып, жиналғандар бір-бірін мерекемен, марапатпен құттықтап жатты.

Мәрлен Ғилымхан,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале