30.06.2025, 10:30
Оқылды: 220

Қытайда БҚО компанияларының кеңселері ашылады

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі — Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді.

_gluster_2025_6_30_71e33e66aead3b908717f06d4bd745d9_1280x720

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңызды құралы ретінде өңірлердің тікелей ынтымақтастығын дамыту қажеттігін үнемі атап өтеді.

_gluster_2025_6_30_53561a8b2eaa3d85b1ccad5936b3f877_1280x720

Jiangsu SOHO Holding Group 380-нен астам кәсіпорынды біріктіріп, халықаралық сауда, логистика, тоқыма өнеркәсібі, «ақылды» өндіріс және қаржыландыру саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Компанияның сыртқы экономикалық операцияларының жылдық көлемі 11 миллиард АҚШ долларынан асады, географиясы 160-тан астам елді қамтиды.

_gluster_2025_6_30_7ed3d230c83f7a2e3cb7e039ace56311_1280x720

Кездесу барысында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады:

  • БҚО өнімдерін SOHO сауда алаңдарына жеткізу;
  • «Қытай – Орталық Азия – Еуропа» бағыты бойынша логистикалық тораптарды Қазақстанда орналастыру;
  • Қытай тарапының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және сақтау, өткізу инфрақұрылымын дамытуға қатысуы.

SOHO-ның Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі көтерме және бөлшек сауда арналары желісі арқылы Батыс Қазақстан облысының өнімдерінің экспортын ілгерілету бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Компания басшылығы Батыс Қазақстан облысының бизнес өкілдеріне тегін кеңсе бөлмесін беруге дайын екенін білдірді.

_gluster_2025_6_30_da7613e6a85fc7295ce383f188cf45ba_1280x720

Келіссөздер қорытындысы бойынша инвестициялық ұсыныстарды дайындау үшін нақты сала деңгейінде қосымша консультациялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

_gluster_2025_6_30_a9296c6960dddec9634fad94d8572c1f_1280x720

Облыс әкімі Jiangsu SOHO Holding Group сияқты жоғары технологиялық және халықаралық нарыққа бағытталған  серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету Қазақстанның Қытай мен Еуразия елдері арасындағы сенімді экономикалық көпір ретіндегі ұстанымын нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

_gluster_2025_6_30_bdda9d498790bde0ac9f954c3fc831b8_1280x720

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале