6.12.2016, 17:45
Оқылды: 77

Заң үстемдігін қадағалайтын саланың салтанаты

prokuratura-25-1Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратында ҚР прокуратурасының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, аталмыш сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.


- Еліміздегі заң үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қатаң сақталуын, қоғамның барлық саласындағы жұмыстардың заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайтын прокуратура органдарының маңызы аса жоғары.

Еліміз бойынша бір ғасырға жуық тарихы бар бұл салада талай белгілі тұлғалар еңбек еткен. Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған ҚР прокуратурасының 25 жылдығы құтты болсын! - деген облыс әкімі бірқатар сала мамандарына алғыс хаттар табыс етті.

prokuratura-25Батыс Қазақстан облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов облыс басшысы Алтай Көлгіновтың өңіріне «ҚР прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалін тақты.

Сондай-ақ сала ардагерлері де аталмыш мекеменің естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Нұртас Сафуллин

Суреттерді түсірген

Темірболат Тоқмамбетов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале