1.07.2025, 9:30
Оқылды: 153

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанның 10 өңірінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға дейін жеткенін атап өтті. 

a30c1e6c-671c-4b72-9ca3-23aa13868b23

Сурет: telegram.org

Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларына қатысты.

Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде де сумен толық қамтуға қол жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале