2.07.2025, 21:00
Оқылды: 192

Халық қалаулысы Казталов ауданына келді

Бүгін Казталов ауданына арнайы сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев келді. Халық қалаулысын аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Ілиясов, аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Жангереева күтіп алды.

IMG_0070

Мәжіліс депутаты бірінші кезекте аудан орталығында пайдалануға берілген 600 орындық Алма Оразбаева атындағы білім ордасына барды. Нартай Аралбайұлы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталмаған мектептің қабылдауына қатысты сын айтты.

IMG_0053— Мен Казталов ауданына 2023 жылы келгегімде осы мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына қатысты ескерту берген едім. Мектепке республикадан тиісті қаражат бөлінді. Бірақ, мердігер толықтай жұмыстарын жасамаған. Бұл жұмыстарға мердігер «Жиенбай» ЖШС тікелей жауапты. Мұндай кемшіліктер жіберген мердігер оқылықтардың орнын толтырып, заң алдында жауап беруі қажет. Ертең облыс орталығына барып, құрылыс, білім басқармасының басшыларымен кездесемін. Сол жерде осы мектепке қатысты мәселені көтеремін, - деді Нартай Аралбайұлы.

IMG_0026

Мұнан кейін Мәжіліс депутаты Қоныс ауылында жаңадан салынып жатқан 60 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс басында Нартай Аралбайұлы тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының және мердігер «Smartech» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Депутат ауылдағы бұрынғы мектепті апатты жағдайда екенін ескеріп, жаңа мектеп құрылысын толықтай аяқтап, білім нысанын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін беруді тапсырды.

Қайрат Жақып
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале