3.07.2025, 17:30
Оқылды: 201

Жаңғырту жұмыстары жалғасады

Энергетика министрлігінің  ұсынған  мәліметі  бойынша,  облыста  электр  қуатын  өндіру  көлемі  628,6  млн  кВт сағ  құраған.  Бұл  ретте  өңірдегі  нақты  тұтыну  – көрсеткіші  633,8  млн  кВт сағ  болды.  Облыстағы    электр  қуатын  (жиынтық  белгіленген  электр  қуаты  398,5 МВт) бес кәсіпорын  өндіреді.  Ал жылуды    «Жайықжылуқуат»  АҚ  өндіреді  және  оның  қуаты  811 Гкал құрайды.  Аталған  орталықтың  жабдықтары  85,5%-ға  тозған.

свет-1254

Облыстағы  электр қуатын ұсынатын және бөлетін    компания  –  «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС. Оның активтерінде 20,5 мың км кабельдік, әуе электр қуатын тарату желілері және 154 қосалқы стансасы бар. Электр желісінің физикалық тозуы 79,4%-ды құрайды. Тозған электр желілерінің негізгі үлесіне 35 кВ және одан төмен кернеулі желілер кіреді. Қазіргі кезде Энергетика министрлігі осы желілерді несиелеу мәселесін пысықтауда. Тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына берілген.

2023 жылы жылу электр орталығының су жинайтын РУ-3,15 кВ нысанын реконструкциялау жобасы аяқталды. Бұл жоба Орал қаласын жылумен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар «Орал қаласы Ақжайық шағынауданы жолының кіреберіс нүктесінде 110/10   кіші станса салу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 50 мыңға жуық халқы бар жаңа «Ақжайық» шағынауданын электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Одан басқа «Орал қаласының ГТС-54 ауданында 110/10 кіші стансасын салу» жобасы жасақталған. Осы жоба қолданыстағы қуатты ұлғайтып, Орал қаласын электрмен жабдықтаудағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

свет12

2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдігі «110 кВ әуе желісін реконс-трукциялау (Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары және Орал қаласы)» жобасына өтінім берді. Жобада қуаты 110 кВ құрайтын 138,1 км электр желілерін қайта қалыптастыру және қолданыстағы бағаналардың арасына 849 тірек орнату көзделді. Бұл жоба 460 мыңға жуық тұрғынды үздіксіз және сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар Энергетика министрлігінің 041 «Жылу және электр энергетикасын дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 4,3 млрд теңге болатын екі жобаның нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Олар:

– «Орал қаласындағы ГТС-54 ауданында 110/10 қосалқы стансасының құрылысы»,
құны – 3,2 млрд теңге;

– «Орал қаласы, Ақжайық көлік пункті ауданындағы 110/10 қосалқы стансасының құрылысы», құны – 1,1 млрд теңге (құрылысты аяқтауға).

инфогр (2)111

2025 жылға бекітілген республикалық бюджет аясында жалпы шамасы 2,5 млрд теңгені құрайтын «Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандарындағы және Орал қаласының 110 кВ әуе желілерін қайта жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру облыстың үш ауданы мен облыс орталығын сенімді электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдігі «Жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту» (жылу желілері) 002 бюджеттік бағдарлама аясындағы үш жобаны іске асыруға жалпы сомасы 6,86 млрд теңге жобаларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім берді. Олар:

– «ТМ-2 ЖЭО коллекторынан Орал қаласындағы «Сити Центр» сауда үйінің ТК-10-ға (аудан) түсіруіне дейін қайта құру» – 4,5 млрд теңге;

– «Орал, Зашаған қаласы №1 қазандықтың жылу желілерін қайта жаңғырту» – 1,6 млрд
теңге;

– «Орал, Зашаған қаласының №2 қазандығынан жылу желілерін қайта жаңғырту» – 665,6 млрд теңге.

Министрлік жобаларды жүзеге асыруды қолдайды, республикалық бюджеттің тиісті нақтылануы күтілуде. Облыстағы электр желілерінің тозуы 79,14%-ды құрайды. Осыған байланысты тиісті қаржы бөлініп, жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде.

Гүлбаршын  Дыбысқалиқызы,

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале