4.07.2025, 10:00
Оқылды: 165

БҚО-да алты комбинат киік етін өңдеуге дайын

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, деп хабарлайды 24KZ.

e464bcfb-2073-40ab-a1ac-2f411a9282ae

Сурет сайт архивінен 

Ең ірісі – Оралдағы зауыт. Қалғаны Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан. Алдағы күндері өңірде дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жоспар бойынша жалпы популяцияның 20%, яғни 460 мың бас киік ауланады. Бұл жұмыстарды «Охотзоопром» мекемесінің төрт бригадасы жүргізеді.

Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО әкімінің орынбасары: - Ауыл шаруашылығы министрлігімен бүкіл регламенттер, стандарттар, қазір белгіленді. Мысалы, қазір деген ет өндеу консервілеріне немесе ет өңдеу кәсіпорындарынан тушка ретінде дүкендерге шығарып сату сияқты бүкіл регламент бар. Енді тек соны қадағалап, дұрыс сапалы жұмыс жасауымыз керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале