4.07.2025, 14:30
Оқылды: 177

Экономикалық өрлеу жолы: Батыс Қазақстанның өндірісі мен инвестициясы артуда

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы өндіріс пен инвестиция саласында елеулі мүмкіндіктерге ие, бұл оның дамуына жол ашуда.

Жп Орал
Соңғы жылдары облыстың өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалуда. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,3%-ға артып, 291,2 млрд теңгені құрады, ал 2023 жылы бұл саладағы өндіріс 7,5%-ға өсіп, 306,5 млрд теңгені құрады. Өткен жыл көктемгі тасқын салдарынан облыс үшін күрделі болды, алайда Үкіметтің қолдауы, бизнес субъектілерінің демеушілік көмегі және азаматтардың белсенділігі арқасында су тасқынының салдары жойылды.
Көптеген кәсіпкерлік субъектілері тасқынға қарсы шараларға тартылды, бұл өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының даму нәтижелеріне әсер етпей қоймады – өндірілген өнім көлемі 3,2%-ға төмендеді.
Дегенмен, биылғы жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының даму қарқыны артты. 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі 28,6%-ға өсіп, 147,3 млрд теңгені құрады.
Облыс экономикасының дамуының негізі – инвестиция тарту. Тек соңғы 3 жылда, яғни 2022–2024 жылдар аралығында, Батыс Қазақстан облысына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі шамамен 2 трлн теңгені құрады, оның ішінде:
* 2022 жылы – 537,9 млрд теңге (17,7% өсім);
* 2023 жылы – 645,6 млрд теңге (16,4% өсім);
* 2024 жылы – 712,9 млрд теңге (4,7% өсім).
Сонымен қатар, көптеген жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, 2023 жылы жалпы құны шамамен 30 млрд теңге болатын 45 жоба іске асырылып, 1000 жұмыс орны ашылды.
Олардың ішінде «Packaging Systems» ЖШС-нің биг-бег өндірісі атап өтуге болады. «Packaging Systems» ЖШС айына 400 тонна қуаттылықпен полипропилен мата өндірісін игерді, қазіргі уақытта өндірістік қуатты екі есеге арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба өңірдің шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық тартымдылығын арттыруға елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, олардың өнімдері экспортқа бағытталған.
2024 жылы жалпы құны 107,5 млрд теңге болатын 21 жоба іске қосылып, 590 жаңа жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында мына жобаларды атап өтуге болады:
* Бөрлі ауданындағы Қарашығанақ кен орнында 5-компрессорды кеңейту,
* Бөрлі ауданындағы мұнай өнімдерін сақтау үшін резервуарлар паркі (NDF Kazakhstan ЖШС),
* Орал қаласындағы жылына 30 млн дана кірпіш шығаратын зауыт құрылысы (Westgroup ЖШС),
* Орал қаласындағы жылына 53193 дана өнім өндіретін мұнай-газ саласына арналған жабдықтар өндірісі (КаспиМунайКапитал ЖШС),
* Орал қаласындағы логистикалық орталық құрылысы (Квант ЖШС),
* Теректі ауданындағы жылына 10 млн литр минералды су өндіретін цех құрылысы (BATYSMINIRALSU ЖШС) және т.б.
Ағымдағы жылы инвестиция тарту бойынша да оң динамика байқалуда. 2025 жылдың алғашқы 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6,9%-ға артып, 193,5 млрд теңгені құрады.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале