4.07.2025, 17:30
Оқылды: 251

Жымпитыға спорт алаңын тарту етті

 «Жұмысшы мамандықтары жылы»  және Астана күніне орай Жымпиты ауылдық округі Байжанов көшесінде жаңа спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.

 WhatsApp Image 2025-07-04 at 16.05.08

Жобалық құны 15 млн теңгені, құрайтын бұл спорттық алаңды жерлесіміз Нұржан Абдрахман өз қаражаты есебінен салып, көпке үлгі болды. Нысанның алаңы 800 шаршы метр, көлемі 1350 шаршы метрді құрайды.

Салтанатты рәсімнің алғы сөзін аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сөйледі. Ол ауыл тұрғындарын жаңадан бой көтерген спорт алаңының ашылуымен құттықтады.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.45.37 (2)

Сонымен қатар, жеке инвестор Нұржан Мәулетұлына және құрылыс алаңының участке басшысы Ерген Мырзағалиевке аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлының арнайы алғыс хаты табысталды.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.41.46 (1)

Аталған нысанның салтанатты ашылу лентасын аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, жеке инвестор Нұржан Абдрахман және Байжанов көшесінің тұрғыны Тұрғали Ерғалиев қиды.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.44.33 (1)

Айта кетейік, жаңа спорттық нысанның ашылуы құрметіне ауданымыздың 12 ауылдық округінен жиылған командалар арасында арқан тартудан және жасөспірім балалар арасында футболдық турнир оздырылуда.

Қ.Жеңісұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале