5.07.2025, 10:00
Оқылды: 555

Казталов ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қараобалық көпбалалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр

Казталов ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, өз кәсібін бастап, соның жемісін көріп жатқандар жоқ емес.

IMG-20250704-WA0025

Қараоба ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Гүлназ Бекбаева «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында 2,5 пайызбен несие алып, туған жерінде табысты бау-бақша шаруашылығын қолға алған.

Елге еңбекқорлығымен танылған жолдасы Абзал Ғалымов екеуі аталған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие арқылы берілген қаражатқа 1,5 гектарға жерге картоп, 1 гектарға қарбыз, 1 гектарға қауын, 1 гектарға қияр, 0,5 гектарға асқабақ еккен болатын.

«Не ексең, соны орасың» демекші, жердің төсін емген адамның ембегі зая болмасы анық. Қазіргі таңда қияр дақылы пісіп, алғашқы өнім жинала бастады. Олар қиярды көтерме бағамен (банка жабуға) әр келісін 200 теңгеден, күнделікті тұтынуға 150 теңгеден ауыл тұрғындарына ұсынуда.

Тұрғындар үшін бұл – сапалы, табиғи өнімге қолжетімділік, ал ауыл кәсіпкерлері үшін – табыстың нақты көзі.
Гүлназдың іскерлігі мен Абзалдың табандылығы – ауылдағы нағыз еңбек адамдарының үлгісі. Олар тек өз отбасын ғана емес, ауылдастарына да пайдасын тигізіп, жергілікті экономиканың дамуына үлес қосып отыр. Жер емген азаматтар – ел игілігінің тірегі екенін дәлелдеді.

IMG-20250704-WA0021
Бұл – «Ауыл аманаты» бағдарламасының шынайы жемісі. Мемлекеттік қолдау мен жеке еңбектің ұштасуы нәтижесінде ауылдық жерлерде де тұрақты табыс көзін қалыптастыруға болатынына жарқын дәлел. Осындай еңбекқор, мақсатшыл отбасылар – ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртетін қозғаушы күш және көпке үлгі.

Әсем Болат
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале