Кеше Жалпақтал ауылындағы спорт кешенінде Казталов ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әлібек Қоңырбаев ақсақалды еске алуға арналған шахматтан аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге Батыс Қазақстан облысынан Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Шыңғырлау, Бәйтерек, Теректі, Казталов аудандары мен Жалпақтал ауылынан 100 кісіден астам шахматшы қатысты. Турнирдің жүлде қоры 1 миллион теңгені құрап, Әлібек Қоңырбаевтың ұрпақтары Жалпақтал ауылындағы спортшыларға 20 дана шахматты тақтасымен ауыл спортшыларына тарту етті.

Кең көлемде өткен ондай турнир өңірімізде бұрын-соңды болған жоқ. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық мәслихат депутаты Самат Хасанов, Әлібек Қоңырбаевтың ұрпақтары мен қызметтес болған ауыл азаматтары сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
Әлібек Қоңырбайұлы еңбек жолын мал дәрігері қызметінен бастап, Фурманов аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық Совет атқару комитетінің төрағасы, Фурманов аудандық тұтынушылар комитетінің төрағасы, аудандык экология және биоқорлар комитетінің төрағасы сынды лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылы Казталов ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Әлібек Қоңырбаевты еске алуға арналған аудандық ашық турнирдің қорытындысында өз шеберліктерін танытқан төмендегі спортшылар жеңімпаз, жүлдегерлер қатарынан табылды.

Абсолютті чемпиондар Айжан Тұрсынова, Дмитрий Данилов атанды.
14 жасқа дейінгілер арасынан Мұрад Тухтахунов, Исланбек Асқарұлы, Төрежан Бақытжанов;
20 жасқа дейінгілер арасынан Владимир Анохин, Дмитрий Ларшин, Дамир Мұрат;
Ерлер арасынан Андарбек Салыхов, Ерлан Нұрхаев, Михаил Дудниченков;
Әйелдер арасынан Әмина Камбар, Надия Жұмағалиева, Айжан Ғабидуллина топ жарды.
Ардагерлер арасынан Нұрболат Қадырғалиев, Рафхат Бек-Али, Қайырбай Алтаев;
Жалпақтал ауылынан Тайыр Жұмабаев, Дастан Бигалиев, Төлеген Сүйінішқалиев үздіктер қатарынан көрінді.
«Ең жас шахматшы» аталымы Артур Жданов, Айзат Өтеғали
«Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымы бойынша Ғайса Чкалов, Серік Сұлтанғалиев марапатталды.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы