8.07.2025, 19:00
Оқылды: 172

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жаңақалада

Бүгін Жаңақала ауданына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов пен орынбасары Мирболат Нұржанов  іссапармен келді. 

Алдымен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрып, аталмыш ұжымның жаңа басшысы Дәурен Жағыпаровты таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 

IMG_9169

Айта кетелік, Дәурен Ерланұлы бұған дейін спорт мектебі басшысының орынбасары лауазымы қызметін атқарды. Сондай-ақ  Бақдәулет Маратұлы  мен аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар спорт мектебін  біраз жыл  басқарған Жайсаң  Есекеновке өз алғысын жеткізді. Кейін басқарма басшылары жаттығу залдарын аралап,  аудан әкімдігіне жол тартты.

IMG_9176

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында Руслан Қонысбайұлы төрағалық еткен жиында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева экран арқылы аудан көлемінде спорттық туризмді дамыту орындарын таныстырды.

IMG_9180

Осы жерде облыстан келген мамандар Мұқыр елді мекеніндегі Нарын құмына ерекше қызығушылық танытып, республика көлемінде ұлықтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ Ақнұрлы Нұрғалиқызы ауданымызда спорт саласының айтарлықтай дамып жатқандығын тілге тиек етіп, Пятимар, Қырқопа, Жаңажол ауылдық округтеріне олимпиадалық спорт түрлерінен жаттықтырушыға бірлік бөлінсе және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балансындағы тозығы жеткен стадионға күрделі  жөндеу жұмысы жүргізілсе деген қалауын да жасырмады. Өз кезегінде сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың басшысы Дәурен Мерешов ауданымызда үлкен футболды, самбо күресі мен жауынгерлік самбо күресін дамыту  қажеттігін айтып өтті.  Жиын соңында Бақдәулет Маратұлы айтылған ұсыныстармен жұмыстанатынын жеткізіп: - Спорт пен туризмды ұштастырсақ, жетістік молынан болады, - деп сөзін түйіндеді.

IMG_9188 IMG_9174

Одан кейін, Бақдәулет Маратұлы  мен Мирболат Сағынғалиұлы «JASTAR» спорт кешеніне барып, мекеме басшысы Жанболат Гумаровқа 190 BD маркалы су жаңа аутобустың кілтін табыс етіп, спорт кешеніне шолу жасады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

 IMG_9186
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале