Бүгін Сырым ауданы келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Бұлан ауылдық округіндегі Дәурен Жұматаевтың «Орман» демалыс базасымен де танысты.

Бұл жерде Шідерті өзенінің суына шомылып, жасыл-желек аясында тынығуға, монша қабылдауға, былайша айтқанда табиғатпен тілдесуге барлық ыңғайлылық бар.
Биыл Дәурен Жұматаев «Syrym-fish» өндірістік кооперативін ашты.

Кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 23,4 млн теңге қаражатқа 150 дана бекіре шабағы мен 16 мың дана тұқы балығының тұқымын әкелді. Балықтар қазір тор-бассейнде тұр. Қолдан тамақтандырылуда.

Айдың аяғында Шідерті жағасынан ұжыммен, жанұямен демалуға арналған жаңа демалыс үйлері жұмысын бастайды.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы