9.07.2025, 17:30
Оқылды: 110

Өңірдің су инфрақұрылымына 18 техника берілді

Бүгін – Қазақстан Республикасы су шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік техника берілді.

_gluster_2025_7_9_a585ae1b7b30299a48d9778f9ac3a7e8_1280x720
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 сәуірдегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында су шаруашылығы саласын жүйелі дамыту мақсатында «Батысирригация» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

_gluster_2025_7_9_97831886ff8ae5eae62391fd6f2d0904_1280x720

Су ресурстарын ұтымды пайдалану, су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылған мекеме өз жұмысын қысқа мерзім ішінде қарқынды жолға қойып, бүгінде 104 жоспарланған гидротехникалық нысанның 85-ін теңгеріміне қабылдады.

_gluster_2025_7_9_0be520a3698c2c3a12d393b93ccf4373_1280x720

Олардың қатарында 18 су қоймасы, 34 суару каналы, 29 лиман, 2 тоған және 2 бөгет бар.
Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен «Батысирригация» КММ-і заманауи арнайы 18 техникамен жабдықталды. Атап айтқанда, шынжыр табанды экскаваторлар, экскаватор-тиегіштер, «Ботсман М» көпбейінді жер снаряды, 4x4 жол талғамайтын автокөліктер, моторлы қайықтар, тиегіштер және тіркемелер. Тағы үш бірлік – жер снаряды, бульдозер және жүк тиегіш – жеткізу сатысында. Қазіргі таңда тралды сүйрегіш жүк көлігі мен тұрғын вагон көлігі сатып алынып жатыр.

_gluster_2025_7_9_c4a4625df48772e5f1e593aa426f37c6_1280x720

Мекеме қызметкерлері су инфрақұрылымының тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, өңірдің ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыруға, су тасқынының алдын алуға және мал шаруашылығын дамытуға септігін тигізіп келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале