8.12.2016, 18:15
Оқылды: 94

Бөрлі ауданында қос ауылда балалар алаңқайы ашылды

aksay-detplowadka-1Ел мерейін үстем еткен Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы қарсаңында Успен және Жаңаталап елді мекендеріндегі мектеп-балабақша кешендерінде ойын алаңқайлары ашылды. Әрқайсысын жасақтауға 4 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған ойын алаңдарының құрылысы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.


 Қос ауылда өткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиындарға аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин мен облыстық жер қатынастар басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова қатысты.

aksay-detplowadkaСалтанатты шара барысында егемен елдің тұғырын нығайтуға және халқымыздың игілігін арттыруға бағытталған адал қызметі үшін Ермекқали Бутеков, Төрехан Есқалиев, Сергей Артемьев, Нұрлан Иштаев, Жұмағали Бажбиев, Асхат Дәулетов, Манас Есқалиев, Асылбек Ғизатуллин және Иван Павлюктер алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлық ұсынылды.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Нәбиұлы «Алтын алқалы» ана Маржан Жантасова мен тыл ардагері Анна Багаеваның шаңырақтарына барып, тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Аудандық демалу орталығы мен жергілікті Мәдениет үйлері әншілерінің тамаша концерті ауылдық ағайынның көңілінен шықты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале