10.07.2025, 15:00
Оқылды: 683

Тасқала ауданы: Жұмыстар аудан әкімінің жіті назарында

Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров жұмыс сапарымен "Атамұра" шаруа қожалығында болып, егіс алқаптарын аралады. Шаруа қожалығының басшысы Әлібек Сарсенбаев биылғы ауа райының ерекшелігіне  тоқталып, жаңбырдың жиі жауғанының арқасында өнімнің бітік шыққанын тілге тиек етті және атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

әкімнің жіті назарында 2

Талғат Асқарұлы аграршылардың еңбегін жоғары бағалап, алдағы егін орағына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы да айтып өтті.

әкімнің жіті назарында1

Содан соң аудан басшысы Мерей ауылдық округіне қарасты  Өркен елді мекеніне көгілдір отын тарту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда ауылға газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада өкілдерімен кездесіп, жобаның іске асу барысын өз көзімен көріп қайтты.  Мамандардың айтуынша, бұйырса шамамен  екі айдың ішінде бұл жұмыстар толықтай аяқталып, Өркен ауылы табиғи газға қосылмақ. Қазіргі уақытта екі шақырымға жуық аумақ газ құбырын төсеуге дайын тұр. Жұмыс қарқыны да жаман емес. Кездесу барысында аудан әкімі әлеуметтік жобаның маңыздылығын атап өтіп,  жұмысшыларға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтау қажеттігін ескертті.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале