10.07.2025, 16:30
Оқылды: 116

Батыста ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі

Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.

коктем-орал-жп-_24_

Батыс өңірде жоғарғы қысым алабының әсерінен ыстық әрі ашық ауа райы күтіледі. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

- Орталықта, 10-11 шілде күндері оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады деп болжануда. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз республиканың батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты аптап ыстық – 40-44 градус болады. Солтүстік өңірлерде күндізгі температура 22-27 градустан 17-23 градусқа дейін төмендейді. Шығыста температура негізінен 20-28 градус жылы болады. Оңтүстікте ауа температурасы 25-37 градустан 38-43 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста күндіз термометр бағандары 25-30 градус жылыны көрсетеді, - делінген хабарламада.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале