10.07.2025, 17:15
Оқылды: 245

Әкелер даңқы жолымен...

Жақында ауданымызға қарасты Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылында дәстүрге айналған «Әкелер даңқы жолымен» атты аудандық туристік слет өтті. Туристтік слет салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа тартып, оларды патриоттық сезімге тәрбиелеп, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Аталған шара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің ұйымдастыруымен оздырылды.

турист (13)

Жарыс бағдарламасы дойбы, су туризмі, туристік өткелдер, спорттық бағдарлау, саябақ волейболы, шағын футбол, гір көтеру, арқан тарту, тұратын ойын байқауы, дала газеті байқауы, қазақ күресі, қол күресі, асық ату, бес асық, дәстүрлі садақ атудан тұрды. Аталған туристтік слетке ауданымыздың ауылдық округтерінен құралған 12 команда 600-ден астам спортшы қатысты. Олар Ақбұлақ, Ақсу, Бумакөл, Бөрлі, Қарағанды, Қанай, Қарақұдық, Кеңтүбек, Приурал, Пугачев және Жарсуат ауылдық округтері. Екі күнге созылған слет барысында қатысушылар табиғат аясында, ашық аспан астында шатырларын құрып, түрлі спорттық және шығармашылық байқаулар бойынша жарысты.

турист (18)

Спорттық туристтік слеттің шақырылан қонақтары қатарында аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоғжанов, ауданымыздың спорт ардагері Айтбай Тастайбеков және бірқатар ауылдық округ әкімдері бар. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Серғазыұлы мен ауданымыздың спорт ардагері Айтбай Қалмышұлы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

турист (8)

Дәстүрге айналған туристтік слет ауданымызда 1978 жылдан бері өткізіліп келеді. Әлемде орын алған пандемия кезінде ұйымдастырылмағаны болмаса, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық шара. Қатысушылардың арасында да осы жарысқа бала кезінен қатысып жүрген жандар бар екен.

турист (14)

- Қазір біз өткізіліп келе жатырғанына 50 жылдай уақыт болып қалған туристтік слеттеміз. Мен бұл шараға 1986 жылдан, яғни, Жарсуат мектебінде 8-9 сынып оқыған кезімнен бері қатысып келемін. Жарыстың әр қатысушысы бұл жерге өз еркімен, керемет көңіл күйде келеді. Неше түрлі жарыстарға қатысу арқылы өзімізге дос тауып, басқа ауылдық округтердің командаларымен танысамыз. Бізге футбол, волейбол сияқты ойындар қатты ұнайды. Қазіргі таңда су туризмі, дәстүрлі садақ ату сияқты қызықты ойындар қосылды. Сонымен қатар ұлттық ойындарға да қатысып, қалыспауға тырысамыз, - дейді Жарсуат ауылдық округінің спорт әдіскері Валентина Николаевна.

турист (17)

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте қарсыластарының бәрін шаң қаптырып, 382 ұпаймен Кеңтүбек ауылдық округінің командасы жеңіске жетті. Ал ІІ орынға 349 ұпаймен Бөрлі ауылдық округі ие болса, ІІІ орынға 309 ұпаймен Приурал ауылдық округінің командасы табан тіреді.

                                                                      Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

турист (19) турист (9) турист (5) турист (6) турист (16) турист (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале