
Сурет: pexels.com
Дәрігердің айтуынша, қарбыз дәнін жеу аса қауіпті емес.
- Қарбыздың дәні асқазан-ішек жолынан оңай өтеді, сондықтан ол қатты зиян емес. Алайда дән ағзаға сіңбейді – қалай кірсе, солай шығады. Пайдасы көп деп айта алмаймын, – дейді маман.
Сонымен бірге, қарбыз дәнін шамадан тыс тұтыну іштің қатуына, кебуіне және асқазанның жайсыздануына әкелуі мүмкін. Сол себепті дәнін көп мөлшерде жеуге болмайды.
Аягөз Болатқызы қазіргі уақытта қарбыз бен қауын маусымының енді басталып жатқанын, алғашқы жемістердің құрамы табиғи болмауы мүмкін екенін ескертеді.
- Соңғы кезде ішек инфекцияларымен байланысты жағдайлар жиілеп кетті. Сондықтан қарбыздың ең қауіпсіз кезеңі – шілде айының ортасы мен тамыз айы. Қарбызды жегенге дейін сыртын жақсылап жуып, оны бөлек кесіп, басқа тағамдармен араластырмай жеу керек. Бұл асқазан-ішек жолының бұзылуынан сақтайды, – дейді дәрігер.
Бұған дейін қарбызды қай айдан бастап жеген дұрыс екенін жаздық. Сондай-ақ қарбыздан уланбау үшін нені есте сақтау қажеттігін де ескерттік.