11.07.2025, 9:15
Оқылды: 334

БҚО-да ветеринария саласына ерекше еңбек сіңірген қызметкерлерді марапаттады

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет Қазақстан Республикасының Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

_gluster_2025_7_10_d3ad78bc0aa0e2c238ca632e02e721ef_1280x720 «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын дамытудың маңыздылығын атап, алдымызға бірқатар міндеттерді қойды. «Ветеринария саласын жетілдіру қажет. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді» деп айтқан болатын. Осы бағытта өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен, автокөліктермен  жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылып келеді», - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

_gluster_2025_7_10_5a12c7f64574afd745af382c938bad70_1280x720 _gluster_2025_7_10_9ea2463440b8410b53630e93c5f03f3a_1280x720

Салтанатты шара барысында ветеринария саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін және Құрмет грамотасы, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

_gluster_2025_7_10_05aa4bebc8e1a7c67dfc37bdcdc93c07_1280x720

Сала қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалау әрі олардың мәртебесін арттыруға бағытталған шара салтанатты мерекелік концертке ұласты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале