9.12.2016, 10:29
Оқылды: 94

Өр рухқа жалынды үн қосқандар

jeltoksandarБүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының ғимаратында Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестерімізді қабылдады.


- Желтоқсан оқиғасының бүге-шігесін жасырып, жалынды жастарды қаралаған материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай жарияланды. Коммунистік диктатураның режиміне алғаш Қазақстанда ашық түрде тегеурінді қарсылық жасалды. Желтоқсан қаһармандары жазықсыз қудаланды, қарагөздерімізге қиянат жасалды. Қазақ халқының еркіндік сүйгіш ел екенін отаршылдар əріден аңғарғаны мəлім.

jeltoksandar-1Кеңес Одағындағы он бес республика дербес шыққаннан кейін қазақ жастарының өрлігі азаттыққа ұмтылуда негізгі мотив болғаны да жиі айтылады. Біз желтоқсаншылардың ерлігін ұмытпауымыз қажет, екіншіден, қатерлі кезеңде өр рухқа жалынды үн қосқандар бүгінде Тəуелсіздігімізді нығайтуға, Елбасы саясатын насихаттауға, қоғамның дамуына елеулі үлес қосуда. Мұны объективті түрде бағалауымыз керек, - деді Марат Лұқпанұлы.

Желтоқсан оқиғасының куəгерлері тілші-ғалым Мұрат Сабыр, қалалық мəслихат депутаты Нұржан Сертек кездесуде өз естеліктерімен бөлісті.

Облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов салтанатты шараға қатысқан құрметті меймандарға "Желтоқсан - ел есінде" атты естелік медальдарын табыстады.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале