13.07.2025, 17:30
Оқылды: 675

БҚО-да киік аулаушылардың ішек-қарынды далаға лақтырып кеткені рас па

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында киік санын реттеу кезінде ауланған жануардың ішек-қарны далада жиналмай жатқаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

15ccef16-b939-4d63-b925-0120864a5d61

Фото: Охотзоопром БҚО филиалы

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 13 шілде күні Тасқала ауданы Ақтау және Атамекен ауылдық округтері арасында таңғы мезгілде болған.

Бейнежазбада киік сойылғаннан кейін ішек-қарны далада жатқаны, мұның қоршаған ортаны ластайтыны туралы айтылады.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының директоры Арман Қожахметов киік ауланғаннан кейін ішек-қарны сол бойда жиналатынын жеткізді.

photo-output

Фото: "Охотзоопром" мекемесінен

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың нақтылауынша, бұл ішек-қарындар түнгі аулаудан кейін таңда бір сағаттың ішінде жиналған.

– Сол уақыт арасында жергілікті малшы түсіріп үлгерген. Батыс Қазақстан облысында киік санын реттеу жұмысы басталғаннан бері 830 бас ақбөкен ауланды, - деді Н.Рахымжанов.
Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінің әкімі Бауыржан Имашев кеше «Охотзоопром» ӨБ» инспекторларымен бірге аралағанын, ішек-қарынның далада жатқанын көрмегенін айтты.

– Бүгін тарап жатқан бейнежазба бойынша «Охотзоопром» мекемесімен бірге жұмыстанатын боламыз, - деді Б.Имашев.
«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері аталған аумақтың киіктің ішек-қарнынан толықтай тазартылғанын хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале