15.07.2025, 17:50
Оқылды: 389

Оралдық дәрігерлер бүйрегі ауыр жарақат алған қызды аман алып қалды

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 9 жастағы Самира есімді пациент шұғыл жеткізілді. Ойын кезінде биіктіктен құлап кеткен баланың іш аймағында қатты ауырсыну және құсу белгілері байқалған. Дәрігерлер жедел түрде қажетті тексерулер жүргізіп, ішкі ағзаларда зақым бар екенін анықтады.

pexels-vidalbalielojrfotografia-3376799

Сурет: pexels.com

Тексеру нәтижесінде шұғыл ота жасау туралы шешім қабылданды. Операция барысында пациенттің оң жақ бүйрегінің екіге бөлініп кеткені белгілі болды. Ағзаның өмірге қауіп төндіретін деңгейде зақымдануына байланысты дәрігерлер оң жақ бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Самираның анасы қызын аман алып қалған білікті де мейірімді медицина қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.

Айта кету керек, бұл медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетілді.

Сымбат Қыпшақбай,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале