15.07.2025, 23:30
Оқылды: 145

Сырым ауданының Шағырлой ауылында шипа ордасы ашылды

Бүгін Шағырлой ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.

IMG_4224

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешов арнайы келіп қатысты. Алғы сөз алған өңір басшысы барша Шағырлой жұртшылығын жаңа медициналық нысанмен құттықтап, мұндай 50 нысанның облыс көлемінде бой көтергенін атап өтті. Бұл – ел денсаулығына, әсіресе шалғай ауыл тұрғындарының игілігіне жасалып отырған нақты қадам екені сөзсіз.

IMG_4219

Салтанатты лента қию рәсімін ауыл ардагері Сағидоқас Бақтығалиев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев бірге атқарды.

IMG_4222

Жаңа ғимарат – жай ғана емдеу мекемесі емес, ауылдың өмір сапасын арттыратын, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсететін, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жарық мекен. Жайлы дәліз, кең бөлмелер, қажетті дәрі-дәрмектер мен заманауи кондиционерге дейін қарастырылған. Бұл – шағын ауыл үшін үлкен серпіліс.

Айта кету керек, фельдшерлік пункт 4 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтиды. Бұл да – ел ішінде еңбекпен нәсібін табуға мүмкіндік деген сөз.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале