16.07.2025, 16:45
Оқылды: 285

Жәнібекте жұмыс бар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай бүгін аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

image-16-07-25-01-54-1

Шара аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мансап орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өтті. Жәрмеңкенің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараның мақсаты — жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатып, екі тараптың тиімді сұхбаттасуына мүмкіндік жасау. Жәрмеңкеге аудан көлеміндегі 12 жұмыс беруші мекеме қатысып, 30 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде, 7 жас маман жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа жолданса, төртеуі алғашқы жұмыс орны жобасы аясында жұмысқа қабылданды.

image-16-07-25-01-54

Жеті тұлға ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Үш адам тұрақты жұмысқа орналасты. 27 жұмыссыз азаматқа кеңес беру, құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетілді.Бұл шара жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және аудандағы кадр тапшылығын шешуге бағытталған нақты қадам болды.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале