16.07.2025, 17:45
Оқылды: 183

Ұлттық ұлан жауынгерлері 35 литрден астам қан тапсырды

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімнің сарбаздары ел игілігі үшін тағы да қайсар қадам жасады. 75-тен астам жауынгер қан тапсырып, адам өмірін сақтауға үлес қосты. Акция нәтижесінде 35 литрден астам қан жиналды.

WhatsApp Image 2025-07-16 at 17.12.56

Жоғары азаматтық жауапкершілік пен қайырымдылық – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің болмысына тән қасиет. Бұл жолы да олар үнсіз ерлікке барып, өзгеге үміт сыйлады. Облыстық қан орталығында өткен донорлық шараға қатысқан сарбаздардың қатарында алғаш рет қан тапсырғандар да, тәжірибелі донорлар да болды.

WhatsApp Image 2025-07-16 at 17.12.57

— “Донорлыққа мен бірнеше жыл бұрын келдім. Содан бері жыл сайын қатысып келемін. Бұл – мен үшін тек азаматтық парыз ғана емес, жүрек қалауы. Менің қаным біреудің өмірін сақтап қалуға сеп болар деген сенім – мені алға жетелейді,” – дейді қатардағы жауынгер, үшінші рет донор болған Арман Есенов.

WhatsApp Image 2025-07-16 at 17.12.56 (1)

Шара аясында 5517 әскери бөлім мен Батыс Қазақстан облыстық қан орталығы арасында өзара әріптестік байланыс нығая түсті. Медициналық мекеме өкілдері сарбаздардың белсенділігі мен жоғары ұйымдасқан тәртібіне ризашылықтарын білдіріп, мұндай істердің қоғамда үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2025-07-16 at 17.12.57 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале