«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автомобиль жолында орташа жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс шеңберінде 254-262 шақырым учаскесінде (Орал қ. және Подстепное а.) «Жайық» өзені арқылы өтетін арна көпірдегі деформациялық тігістерті ауыстырады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы парақшасында хабарланды.

Жоспарлы жұмысты жүргізуге байланысты аталған учаскеде 17 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 8:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
Жайық өзенінен өтетін көпір жабылып, көліктер «Зачаганск шағынауданының Меловые Горки ауылы» бағыты бойынша айналма жол арқылы жүреді.
- Осыған байланысты барлық жол пайдаланушыларынан сапар бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша шектеуді ескеруді сұраймыз! – делінген хабарламада.