Жедел құтқару жасағында әскери бағыттағы «Aqjaiyq qyrandary» жазғы лагерь оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шараға 33 оқушы, лагерь командирі, 3 тәрбиеші және 1 инструктор қатысты. Құтқарушылар оқушыларға жасақтың күнделікті қызметі туралы айтып, құтқару және сүңгуір техникасының жұмысын көрсетті.
Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, өздері де кейбір дағдыларды іс жүзінде байқап көрді.