17.07.2025, 10:15
Оқылды: 68

Қазақстан мен Жапония бейбітшілік, қауіпсіздік және ядролық қарусыз болашақ мәселелері бойынша диалогты күшейтуде

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Астанаға жұмыс сапарымен келген Хиросима префектурасының (Жапония) губернаторы Хидехико Юдзакимен кездесті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_16_4ce2300492767c3fd34b6ab5f9f9fc29_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Кездесу барысында тараптар жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау режимінің ағымдағы күн тәртібі, оның ішінде Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың он бірінші шолу конференциясының Дайындық комитетінің екінші сессиясында (Женева, 2024 ж.) табысты төрағалығы және 29 тамызда аталып өтетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың күніне орай іс-шаралар туралы пікір алмасты.

Губернатор «Жаһандық бейбітшілік үшін Хиросима» ұйымының қызметімен және халықаралық гуманитарлық бастамаларымен таныстырып, көпжақты алаңдарда бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Сұхбаттастар ядролық қаруды қолданудан және сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерге ерекше назар аударды.

Қазақстанға алғашқы сапары аясында Х.Юдзаки екі аймақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретін Абай облысына, сондай-ақ бейбітшілікке, ядролық қарусыздануға және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бірлескен міндеттеменің белгісі ретінде бұрынғы Семей сынақ полигонына баруды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале