18.07.2025, 11:00
Оқылды: 162

Әлеуметтік желілер – өзара сенім көпірі

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желілер мен азаматтардың өзекті мәселелер бойынша шығарылымдар тұрақты негізде мониторингке алынып отырады.

pexels-viralyft-16852968

Сурет: pexels.com

Осылайша, 2025 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету, кадрлық саясат, этикалық нормаларды сақтау, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты бірқатар жарияланымдар қоғам назар аударылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен қоғамдық резонанс тудырған әрбір дерек бойынша жедел шаралар қабылданды, оның қызметтік тергеп-тексеру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ресми түсініктемелер мен мәлімдемелер жарияланды, расталған құқықбұзушылықтар бойынша жекелеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды.

Бұл ретте, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерде 7 жағымсыз материал анықталды, расталған жариялымдар бойынша 3 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты азаматтардың жарияланымдар ерекше назар аударылды. Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралып, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Ақжайық ауданының бірқатар ауылдық округінің әкімдіктері 43 қызмет алушының өтінішіне заңмен қарастырылмаған себептермен негізсіз жер учаскесін беруден бас тартқан.

Департаменттің ұсынымы негізінде аталған мәселелер жер комиссияларымен қайтадан қаралды, құқытары бұзылған қызмет алушыларға тиісті жауаптары берілді.

Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ашық диалогқа әрқашан дайын екенін мәлімдейді және азаматтар мен азаматтық қоғам өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырады.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға ден қою – мемлекеттік басқару сапасын арттыру мен қоғам сенімін нығайтудың маңызды құралы болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале