18.07.2025, 16:30
Оқылды: 135

Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды

Қытайға екі апталық курсқа 31 маман аттанды. Бұған дейін көршілес елде 30 адамнан тұратын екі топ білім алған болатын. Жалпы биыл Қытайда қазақстандық су саласының 121 маманы біліктілігін арттырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі жазды. 
_gluster_2025_7_18_4846eaa47e20322c408cb518aa4adb57_1280x720
Сурет: gov.kz
Оқу Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылды, оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінбеген.
Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен бірлескен оқыту бағдарламасын жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Сәуір және мамыр айларында біз Қытайға 30 адамнан тұратын екі топ жібердік, олар оқуларын сәтті аяқтады. Ал үшінші топтың құрамында су саласының 31 маманы Қытайға су ресурстарын басқару және ағынды суларды тазарту тақырыбындағы курсқа аттанды. Бұл оқулар Президент Жолдауында айтылған, су саласына білікті мамандарды жүйелі түрде дайындау қажеттілігіне байланысты қолға алынған шаралардың бірі»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале