19.07.2025, 13:00
Оқылды: 460

Оралда "Әсем әуен" вокал студиясы мен "Көріктім" би үйірмесінің шығармашылық концерті өтті

Қадыр мырза әлі орталығының амфитеатрында "Әсем әуен" вокал студиясы мен "Көріктім" би үйірмесінің қатысуымен шығармашылық концерт өтті.

_gluster_2025_7_19_95ab9fd9cd9393d86886b53f4fdada55_1280x720

Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың сахналық мәдениеті мен өзін-өзі көрсету дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ ата-аналар мен қонақтарға өнерпаздардың жыл бойы атқарған еңбектерінің нәтижесін ұсыну.

Концерт бағдарламасына вокалдық және хореографиялық бағыттағы түрлі жанрдағы қойылымдар енді. "Әсем әуен" студиясының тәрбиеленушілері орындаған әндер тыңдарман қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шынайы сезімге бөледі. Ал "Көріктім" би тобының ұлттық және заманауи билері залда отырған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында әртүрлі жастағы оқушылар өнер көрсетті. Балалардың сахнадағы сенімділігі, орындаушылық шеберлігі мен көркем образдарды жеткізе білуі көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Бұл — үйірме жетекшілері мен оқушылардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Кеш соңында жетекшілер мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ризашылық білдірілді.

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале