21.07.2025, 16:00
Оқылды: 88

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға Полиция департаментінің көші-қон қызмет басқармасының бастығы Г. Абулхаиров, аудандық әкімдіктер мен Орал қаласы әкімінің аппарат басшылары онлайн форматта қатысты.

WhatsApp Image 2025-07-18 at 13.11.14

Сурет ашық дерекккөздерден алынды

Жұмыс тобының отырыстары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, қолжетімділікті және ашықтығын арттыру мақсатында  тұрақты түрде өткізіледі.

Күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қашықтықтан  бақылау нәтижелері, Қаратөбе және Казталов аудандарында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Отырыста мемлекеттік қызметтерді көрсету  мерзімдерінінің сақталмау себептері және оларды жою, ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Департаменттің басшысы, жұмыс тобының төрағасы Мұрат Байсалов мемлекеттік қызмет сапасын қызмет көрсетушілердің жұмысын тиімділігін және бизнес процесстерді оңтайландыру жолымен арттыруға болатынын айтты.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, келесі отырысқа дейін олардың орындалуы бақылауға алынатыны мәлімделді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале